Голландиялықтар Қазақстанға қызғалдақ өсірудің қыр-сырын үйретпек

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанға Нидерланды Корольдігінің Алматыдағы елшісі  Вилко Роггенкамп бастаған делегация келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен  қонақтар Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровпен кездесті. Тараптар келешектегі іскерлік ынтымақтастық аясын талқылады.

Кейін "Көктем гранд" қонақүй кешенінде голландиялық озық технологияларға арналған семинар-кеңес өтті. Жиында жылыжай кешендерінің құрылысын жүргізу, жылыжайларға арналған автоматтандырылған жүйелер орнату, жеміс-жидек және көкөніс қоймасын салу, жылыжай кешендеріне жарықтандыру жүйесін жүргізу жайлы айтылды. 

null

Семинар-кеңеске ауылшаруашылығы мақсатындағы өнімдер өндіретін голландиялық 14 компанияның өкілдері қатысты. Олар жергілікті компаниялармен келіссөздер жүргізіп, қос тарапқа да тиімді талаптар мен ұсыныстар жайын талқылады.

«Нидерланды ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау жағынан әлемде 2-ші орында тұр. Шындап келгенде, біздің жер аумағымыз сіздердікінен 65 есе кіші. Бірақ, біздің жетістіктеріміз келісерсіздер, көш ілгері. Мәселен, жылыжайлар жүйесіне бізде 10 мың гектар жер берілген. 5 мың гектарына - көкөніс, 5 мыңына - гүл өсіріп отырмыз. Мұндай жетістіктер әрине, озық технологиялардың арқасы. Біз осында келмес бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігінде болдық. Қазақстанмен аграрлық саладағы қарым-қатынасты арттырғымыз келеді», - дейді Нидерланды Корольдігі елшілігінің ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі кеңесшісі  Меувес Брауэр.

Корольдіктен 30-ға жуық адам келді. Құрамында Нидерландының экономикалық істер, ауылшаруашылық министрліктері өкілдері, сондай-ақ аграрлық саладағы 14 ірі компанияның жетекшілері бар. Жалпы, мұхит асып келгендерден үйренеріміз көп, дейді жиынға қатысушылар. Мәселен,  Қазақстан шетелден жылына 154 млн долларға гүл сатып алады. Қаражаттың басым бөлігі осы Нидерландыға кетіп жатыр. Тіпті, қызғалдақтың Отаны -Қазақстан дей тұра, қыр гүлін да солардан сатып аламыз. Голландиялықтар қызғалдақты өсірудің қыр-сырына үйретуге де әзір. Айта кетсек, аумағы 1 гектар голландиялық дайын жылыжайдың құны - 1-1,5 млн еуро.

null

Соңғы жаңалықтар