Голландия соты Қазақстан Ұлттық қорының $22 млрд активіне қойған шектеуді алып тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 қаңтарда Амстердам қаласының Округтік соты Bank of New York Mellon банкінің кастодиалдық сақтауындағы Ұлттық қордың активтерінен 22 млрд долларды тыйым салудан алу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қыхметіне сілтеме жасап.

«Сот Ұлттық банктің және процесте үшінші тарап ретінде қатысқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұстанымын мойындап, Ұлттық қордың активіне қол сұғылмайтындағын мәлімдеді.

Нидерланды сот органдары бұдан бұрын молдавалық кәсіпкер Анатолий Статиге осы активтерге шектеу қоюына рұқсат бермеген еді. Стати бұл фактілерді жасыра отырып, сотты жаңылыстырған болатын.

Сот Статиді қазақстандық тараптың сот шығындарын өтеуге міндеттеді.

Бельгияның сот органдары да осындай алдын ала шектеу қойған. Оған шағым түсіру жұмыстары белгіленген тәртіпте жалғастырылуда.

Соңғы жаңалықтар