Golden Boy президенті Головкиннің «Канеломен» реваншқа келісімін күтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) мүддесін көздейтін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) арадағы реванштың өткізілуі жайлы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

"Біз Томмен (Леффлер) үнемі байланыстамыз. Бұл жекпе-жекті өткізетін тәріздіміз.  Бірақ тағы пысықтай түсуді қажет ететін мәселелер бар.

Бұл қызықты айқас болмақ. Оны бәрі күтуде",- деді Гомес Yahoo! Sports  тілшісі Кевин Йолға берген сұхбатында.

 Айта кетсек, бұл жекпе-жек 5 мамырда болуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар