Гол салған футболшының қақпаға қалай соғылғаны видеоға түсіп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Немістің РБ "Лейпциг" командасының шабуылшысы Марсель Хальстенберг Бундеслиганың 17 турында "Гертамен» арадағы матчта гол соққанымен қолын үш жерден сындырып алды.

Ойынның 92-інші минутында суырылып алға шыққан Хальстенберг  екпінмен келген күйі баспен дәл соққы жасады.  Өкінішке орай, ол тоқтай алмай қақпа бағанына соғылды.

«Хальстенбергтің қолы үш жерден сынды, енді оған ота жасалады»,-деп жазды РБ "Лейпциг" ресми Twitter -інде.

Атап өткен жөн, Хальстенбергтің голы оның командасына көмектесе алмады. "Лейпциг" өз алаңында 2:3 есебімен жеңілді.

Соңғы жаңалықтар