Ғимаратты жалға алып жүрген ақтөбелік дәрігерлер жаңа амбулаторияға қоныстанды

None
None
 АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бестамақ ауылында 4 мыңнан астам адам тұрады. Ақтөбе қаласының іргесіндегі ауыл халқы бұған дейін бейімделмеген ғимаратта отыратын дәрігерлерге қаралды.
null 

«Жаңа дәрігерлік амбулатория күніне 50 науқасты қабылдай алады. Күндізгі стационарда да ем жүргізуге болады. Бұрын бейімделген ғимаратты жалға алып, науқастарға медициналық көмек көрсетті. Ал енді 2 дәрігер, 8 орта буын қызметкері жұмыс істейді»,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. Мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында салынған амбулатория құрылысына 73 миллион теңге бөлінді. Жекенің қолындағы ғимаратта отырған дәрігерлер пәтер жалдап, от жаққан күндерін еске алды.
null 

null 

«Салқын, ыңғайсыз жерде халыққа көмек көрсетіп, медициналық жәрдем берген күндеріміз болды. Кей кезде жекенің қолындағы ғимараттан қуып шығамыз деп қорқытатын еді. От та жақтық. Бірақ бәрі артта қалды. Мен 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп жүрмін. Ауылдың әр адамын танимын. Соңғы жылдары қан қысымының көтерілуі, жүрек-қан тамырлары аурулары жиі тіркеліп жүр. Жаңа ғимарат, заманауи құрал-жабдықтар емді күшейтуге септігін тигізеді»,- деді жалпы тәжірибелі дәрігер Рысжан Балымбетов.

 

Соңғы жаңалықтар