Гималай экспедициясының Эверест шыңын бағындырғанына 35 жыл толды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеңес кезеңінде жасақталған Гималай экспедициясына биыл 35 жыл болды, деп жазады «Хабар 24».

1982 жылы 11 альпинист әлемдегі ең биік Эверест шыңын бағындырды. Олардың үшеуі қазақстандық альпинистер Валерий Хрищатый, Қазбек Валиев және Юрий Голодов болатын. Шың басына оған дейін ешкімнің табаны тимеген еді. Ал қазақстандық қайсар жігіттер өте күрделі оңтүстік-батыс қабырғасымен өрмелеп шықты. Содан бері 35 жыл өтсе де әлі күнге дейін бір де бір альпинист олардың ерлігін қайталай алмай келеді.

8 848 метрлік биіктікті еңсеруге дайындық та оңай болған жоқ. 16 адамнан тұратын команда құрамына қабылдануға 300-ден астам талапкер ниет білдірген. Тауға шығуға дайындық 1979 жылдан бастап жүргізілген. Осы уақыт аралығында альпинистер түрлі медициналық, психологиялық және физикалық жаттығулар мен тексерулерден өткен.  

Юрий Голодов,: 

«Барлық сынақтардың нәтижесінде мен экспедиция құрамына қабылдандым. Бірақ қатты қуанып, ерекше сезім болған жоқ. Өйткені шығу қандай қиын болса, түсу одан да екі есе ауыр болатынын сездім. Тек өзіңнің қорқынышыңды жеңіп ғана қоймай, өзге әріптестеріңнің де барлық қимыл-қозғалысын қадағалап, бақылап отыруың керек. Себебі бір шалыс қадам барлығын бүлдіруі мүмкін», - дейді 1982 жылғы Гималай экспедициясының қатысушысы.

Соңғы жаңалықтар