Гидротехникалық құрылыстар қауіпсіздігінің жол картасын дайындау қажет - сенатор

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметі деңгейінде Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы арнайы жол картасын дайындау қажет. Бұл жайында ҚР Парламенті Сенатының дептутаты Әли Бектаевтың Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған депутаттық сауалында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бұл жайында ҚР Парламенті Сенатының дептутаты Әли Бектаевтың Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған 

«Шынында да соңғы 10 жылдың көлемінде еліміздің әрбір өңірлеріндегі елді мекендерді су басып, тұрғындардың үйлеріне, жолдар мен көпірлерге, басқа да ғимараттарға қауіп төндірген жағдайлар жиі қайталануда. Таңқаларлығы, су басқан елді мекендердің көпшілігіне төтенше қауіп су қоймаларынан немесе үлкен өзендер арнасынан емес толассыз  жауған жаңбырдың не болмаса еріген қар суларының жиналу есебінен орын алып отыр», - деді Әли Бектаев.

Сенатордың айтуынша, топан су алған елді мекендерді зерттеулердің нәтижесі соңғы 25 жыл көлемінде тұрғын үй мен коммерциялық нысандарының жаппай салынуына байланысты аймақтардың ландшафтының айтарлықтай өзгергенін көрсеткен. Жоспарсыз салынған құрылыстардың салдарынан елді мекендердің иррегациялық жүйелері істен шығып, гидротехникалық құрылыстары бұзылған. Арық-атыздар күл-қоқысқа толып, су өткізу қабілеттері төмендеген.  Жаңадан түсіп жатқан көптеген мөлтекаудандарда қауіпсіздік талаптары ескерілмей, су бұруға арналған бөгеттер салынбаған. Арнайы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарындағы құбырлардың көлемі талапқа сай келмейді.  Елді мекендерге жақын орналасқан 1094 гиротехникалық құрылғының 34-інің кімге қарайтындығы белгісіз, 363-і күрделі  жөндеуді қажет етеді. 560-қа жуық су қоймасының 108-і иесіз, ал 211-і жеке меншікте.

«Еліміздегі су шаруашылығы нысандарының, гидротехникалық құрылымдар мен құрылғылардың, елді мекендердегі иррегациялық жүйелердің жағдайына тұрғындардың қауіпсіздігі, тұрмыс-тіршілігі, экономика салаларының өсіп-өркендеуі тікелей  байланысты  екендігін ескере отырып, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында: бріншіден, әр өңірдегі су шаруашылығы нысандарының жай-күйін, олардың техникалық сипаттамалары мен мүмкіндіктерін, жұмыс істеу жағдайын, қауіп-қатер  дәрежесі мен жарамдылығын анықтау мақсатында мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, инвентаризациядан өткізуді, алынған мәліметтер негізінде қауіптілік деңгейіне қарай су нысандарының ортақ катологын жасауды; екіншіден, Қазақстандағы барлық гидротехникалық нысандарды меншігіне қарамай толық мемлекеттік тіркеуге алуды, мүдделі тараптардың қолжетімділігін қамтамасыз ету  мақсатында су шаруашылығы нысандарының бірыңғай ақпараттық базасын құруды;  үшіншіден, өңірлердегі байырғы су мамандарын қатыстыра отырып, әрбір елді мекендегі ирригация жүйелердің жағдайын зерттеуді, су өткізу қабілеттерін анықтап, ирригациялық жүйелер картасын  жасауды, сол арқылы ауылдарда, кенттерде, мөлтекаудандарда  болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын қарастыруды;  төртіншіден, ҚР Үкіметі деңгейінде Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы арнайы жол картасын дайындап, оларды жөндеу, қайта жөндеу, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру үшін тиісті қаражат бөлдіруді ұсынамын», - деді Әли Бектаев.

Соңғы жаңалықтар