Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 330.29
EUR 387.27
RUB 5.56
CNY 49.80

GGG VS Canelo: Трилогияның куәгері боламыз ба

GGG VS Canelo: Трилогияның куәгері боламыз ба
2017 жылғы 17 қыркүйек 12:14 617

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес тең түсті. Алдағы уақытта екі боксшы да реванш өткізуге әзір. Алайда бұған дейін "Канелоның" промоутері Оскар Де Ла Хойя "GGG-Canelo" текетіресін трилогияға, яғни үш жекпе-жекке дейін созуға лайықты екенін айтқан болатын, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Кім біледі, бәлкім, осы жекпе-жектен кейін тағы бір айқасты ұйымдастырамыз. Бұл текетірес трилогияға сұранып тұр. Моxаммед Әли мен Джо Фрейзер, Марко Антонио Баррера мен Эрик Моралес - бұның барлығы тариxта ұлы трилогиялар болып қалды. Нағыз бокс деген осы", - деген болатын Де Ла Хоя екі ай бұрын берген бір сұxбатында.

Айта кеткен жөн, осы жолғы жекпе-жекті ұйымдастыруымен толығымен Альварестің жағы айналысты. GGG-дің промоутері - Том Лефлер бұл жұмысқа қатысқан жоқ. Екіжақты келісімнің шарты солай болды.

Ал америкалық бапкер Роберт Гарсия бірден «Головкин - Альварес» жекпе-жегінің бір ғана кездесумен шектелмейтініне болжам жасаған болатын. "Бәлкім, арғы жағы трилогияға ұласуы әбден мүмкін. Ал осы трилогиядан кейін GGG зейнетке шықса да болады. Себебі ол қыруар табысқа қол жеткізе алады. "Канело" өз жолын жалғастырады. GGG болса, қалтасына 30 миллионды салып алып, бокспен қоштаса алады. Кім біледі, бәлкім одан да көп ақша табатын шығар», - деді Гарсия.

 

 

Басты сөздер: Спорт, Бокс, Геннадий Головкин,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер