GGG Джейкобспен жұдырықтасқаны үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин америкалық Дэниел Джейкобспен жұдырықтасқаны үшін 2,5 миллион доллар алады.

Дэниел Джейкобс та сыйақыдан құр алақан қалмайды. Оған 1,75 миллион доллар көлемінде сыйақы беріледі. Бұл жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы түрде (РРV) көрсететін болады.

РРV жүйесі бойынша түсетін қаржының да бір мөлшері боксшыларға тиесілі.

Сондай-ақ, кеше боксшылар айқас алдындағы соңғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Геннадий Головкин қарсыласынан 9 грамм жеңіл болып шықты. Отандасымыздың салмағы 159,6 фунт (72,39 кг) болса, Дэниел Джейкобстың салмағы 159,8 фунт (72,48 кг) болды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе-жек 19 наурыз күні таңертең өтеді. Жекпе-жекті «Қазақстан» мен «KazSport» арналары тікелей эфирден көрсететін болады.

Соңғы жаңалықтар