Германиялық саясаткер ҚР Президентінің Жолдауы туралы айтты

None
None
БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры Михаэль Хармс Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауына пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауы әлемдік нарықтағы қазіргі таңдағы сын-тегеуріндер мен басымдық берілуі тиіс бағыттарды, сондай-ақ осы сын-тегеуріндерді шешу жолында Қазақстан қолдануы мүмкін нақты шаралар мен стратегияны көрсетеді», - дейді Хармс.

Оның айтуынша, пайдалы қазбаларға бай елдің жоғары технологиялары мен цифрландыру саласына көңіл бөлуі болашағы зор стратегиялық жоспарларынан дерек береді.

Сарапшының сөзіне қарағанда, ГФР кәсіпорындары Қазақстанның экономикалық даму стратегиясын сәтті жүзеге асыруға үлес қосуы мүмкін. Атап айтқанда, Қазақстандағы 4.0 индустриясын құру және цифрландыру, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика салалары Германия кәсіпкерлерінің назарын аударады.

«ЭКСПО-2017» көрмесінен кейін қайта қалпына келетін энергия көздері саласында ынтымақтастық орнатудың ерекше мүмкіндіктері туды», - дейді Михаэль Хармс.

Германиялық сарапшы Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бюрократияны қысқарту, жемқорлыққа қарсы күрес, кәсіби білім беру, қарсы секторы сияқты салаларды дамытуға баса назар аударғанын тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар