Германиядағы қару-жарақтарды жою зауытында жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Германияның шығысындағы Люббен (федеральная земля Бранденбург федеральды жерінде ) қаласындағы қару-жарақтарды жою зауытында жарылыс болды, деп хабарлайды ТАСС.

Bild газетінің жазуынша, бір адам жарақаттанып, тағы біреуі із-түзсіз жоғалған.

Басылымның хабарлауынша, оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полиция жұмыс істеп жатыр. Аспанда тікұшақ  айнала ұшып жүр.  Ғимараттың бірі едәуір қираған.  Жарылыстан соң өрт басталған. Әзірге кәсіпорында қандай қару-жарақтар сақталғаны белгісіз. Аумақ қоршауға алынған, жақын маңдағы үйлердегі адамдар эвакуацияланып жатыр.

.

Соңғы жаңалықтар