Германияда тұрғын үйден шыққан өрттен 29 адам зардап шекті

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Германияның солтүстік-батысындағы Рекклингхаузен қаласындағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 29 адам зардап шекті, оның сегізінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды ТАСС.

 Spiegel Online басылымының мәліметінше, өрт түн ортасында болған. Зардап шеккендердің арасында 9 бала бар. 20 адам жергілікті ауруханаларға жеткізілді. Қалғандарын дәрігерлер оқиға орнында тексерді.

Өрттің шығу себептері әзірге анықталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар