Германияда соңғы 250 жылда алғаш рет пайда болған жабайы өгіз өлтірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Немістің Лебус қаласында соңғы 250 жылда алғаш рет пайда болған еуропалық жабайы өгіз өлтірілді. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының өкілдері бар айыпты қала билігіне артып отыр. 

Бұл жайлы ағылшынның The Independent басылымы хабарлайды. Адамдар сирек кездесетін өгізді Берлиннен небәрі 88 шақырым қашықтықта орналасқан Лебус қаласы арқылы өтетін Одра өзенінің жағасынан байқаған. Екі елдің шекарасында орналасқан поляктардың «Уйсьце-Варта» ұлттық саябағында мекендейтін жануар бұл аймаққа адасып келген деген болжам бар. Өгізден қауіптенген қала билігі оны өлтіруге шешім қабылдаған.

Қор сайтында аталған өгіздің адам өміріне қаупі жоқтығы жазылған. Бұл жануар халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл тізіміне енгізілген. 1927 жылы олар жабайы табиғатта жоғалып бара жатқан жануарлар ретінде мойындалған. Қазір жабайы өгіздер әлемнің 30 елінде мекендейді, олардың қатарында Польша, Литва, Беларусь, Украина, Ресей және Словакия аумағындағы қорықтар да бар. 

Соңғы жаңалықтар