Германияда рождестволық шырша адамдардың үстіне құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні кешке Германияның Эшвайлер қаласында рождестволық шырша қалың халық үстіне құлады. Кем дегенде төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ТАСС.

Мәлім етілгендей, жергілікті уақыт бойынша сағат шамамен 18.00 кезінде (астана уақытымен - 23.00) шырша алаңға орнатылған балалардың әткеншегіне құлаған. Бұқаралық ақпарат құралдарының атап өтуінше, оқиға салдарынан балалар зардап шеккен жоқ, жарақат алғандардың барлығы - ересектер.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Жексенбі күні Еуропаның барлық аумағында күшті жел тұратыны болжанған. Германияда қалың қар мен көкөтайғаққа байланысты әуежайда бірқатар рейстер орындалған жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар