Германияда құмнан әлемдегі ең биік қамал жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биіктігі 16 метр болатын бұл сәулет ғимаратын Дуйсбургте бір апта бойы жасаған. Құмнан жасалған қамал Гиннестің рекордтар кітабына екінші рет салынғаннан кейін алынды, деп хабарлайды dw.com .

Биіктігі бес қабатты тұрғын үймен бірдей болатын бірегей қамалды салу үшін құрылысшылар 3 500 тонна құм жұмсаған. 2016 жылы олар бұл жерде алып құм қамалын тұрғызған еді. Алайда, Гиннестің рекордтар кітабының комиссиясы бұл жетістікті есептемеді, себебі оның ішінен тіреу табылды. Ал, ол Рекордтар кітабының ережесіне сай келмейтін. Оған қоса, бұл қамал құлап қалған болатын. Құрылысшылар бұл жолы оның фундаментін мықты етіп жасады. 

Соңғы жаңалықтар