Германияда 1,4 тонналық бомба табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Франкфурт қаласының шамамен 70 мыңға жуық тұрғыны Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомбаның табылуына байланысты өз үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Росбалт.

Салмағы 1,4 тонналық бомба Вестенд ауданындағы құрылыс алаңынан табылған. Жарылғыш затты залалсыздандыруға бірнеше сағат уақыт кеткен.

Айта кетейік, Германияда мұндай оқиғалар жиі кездеседі. Елде жылына  шамамен 5,5 жарылғыш заттар залалсыздандырылады.

Соңғы жаңалықтар