Германия мен Франция бірігіп жаңа жойғыш ұшақ жасап шығармақ

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Германия мен Франция бірігіп Eurofighter Typhoon және Rafale жауынгерлік ұшақтарының орнын басатын жаңа жойғыш ұшақтарға қажет негізгі талаптарды мақұлдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің меншікті тілшісі Euractiv журналына сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні екі елдің ресми тұлғалары Берлиндегі ILA Berlin Air Show авиасалонында арнайы құжатқа қол қояды. Бұл туралы өткен жылдың шілде айында Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Эммануэль Макрон айтқан болатын.

Жаңа ұшақ өздігінен немесе жерден басқарылатын қасиеттерінен басқа шабуыл және қорғаныс операцияларын жүзеге асыра алады.
Жойғыш ұшақты жасаудағы басты мақсат - үш бәскелес бағдарлама, яғни Rafale мен Eurofighter шведтің Gripen компанияларының басын біріктіруге қадам жасау.

Сонымен қатар Германия мен Франция теңіз үстін бақылайтын жаңа ұшақтың жабасын дайындау бойынша келісімге қол қоймақ.

Соңғы жаңалықтар