Гепатит: Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарындағы қазіргі жағдай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық министрлігі Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында А гепатитіне шалдығу жағдайына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«А вирустық гепатитінің топтық аурушаңдығы Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының мектеп оқушылары арасында тіркеліп отыр. 2017 жылғы қыркүйектен бастап А вирустық гепатитінің 32 жағдайы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының Шолпан ауылында тіркелген болса, оның соңғы жағдайы ағымдағы жылғы 18 қаңтарда тіркелген. Ал 2018 жылы 5 ақпандағы ақпарат бойынша Қарағанды облысында жалпы А вирустық гепатитінің 82 жағдайы, оның ішінде Қарағанды қаласында - 47, Теміртау қаласында - 13, Шахтинск қаласында - 5 оқиға және басқа аудандарда бірен-саран жағдайлары тіркелген», - деп атап өтілген министрліктің «ҚазАқпарат» агенттігіне берген ресми жауабында.

Бұл ретте, мектеп оқушылары арасындағы топ болып ауру жықтыру жағдайлары Қарағанды қаласының №58 орта мектебінде (20 жағдай), Теміртау қаласының №5 орта мектебінде (8) және Шахтинск қаласының №26 мектебінде (5) тіркелген.

Атап айтқанда, А вирустық гепатитінің негізгі берілу факторлары - науқас адаммен тікелей байланыста болу, сондай-ақ, вирус тағаммен, сумен, жеке гигиена ережелері сақталмаған кезде беріледі.

«Инфекцияны оқшаулау мақсатында мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді: мектептегі және үйде науқастармен қарым-қатынаста болғандарды медициналық бақылау; кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау; мектепте мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізу бойынша шектеу қою, дезинфекциялау, тұрғындармен, қарым-қатынаста болған балалармен, ата-аналармен А вирустық гепатитінің алдын алу бойынша санитарлық білімді жетілдіру жұмыстарын жүргізу, жоспарлы түрде және инфекция ошағында қарым-қатынаста болған балаларды А вирустық гепатитке қарсы вакциналау», - делінген ведомство мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үржардағы балалардың гепатитке шалдығуының себебі анықталған болатын.  

Сонымен қатар, Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Қарағандыдағы мектеп оқушыларының арасында А гепатитінің ошағы үйде әзірленген сусыннан пайда болған.

Соңғы жаңалықтар