Геннадий Головкин жекпе-жекке тастүйін дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық бокстың жарық жұлдызы - Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) қарсы жекпе-жекке дайын, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) жаттықтырушысы Абель Санчес өзінің шәкіртін маңызды бәсекеге дайындап жатыр. Сонымен қоса GGG Твиттерде өзінің суретін жариялап «Дайынмын» деп жазды.

Айта кетейік, бірер минуттан кейін Лас-Вегастың "T-Mobile" аренасында кәсіби бокста әлі бірде-бір рет жеңілмеген Triple G мексикалық бокстың жарық жұлдызы - Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасады.

Соңғы жаңалықтар