Геннадий Головкин: Боксқа деген қызығушылығымды жоғалттым

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің айтуынша, оның соңғы уақытта рингке сирек шығып жатқаны көңіліне қаяу түсірген, деп жазады Sports.kz.

5 мамырға жоспарланған GGG-дің мексикалық Сауль Альвареспен рематчы «Канелоның» допинг-тесттен өтпей қалғаны үшін тоқтатылды. Сондықтан қазір Геннадийдің командасы белсенді түрде осы күні айқасатын қарсылас іздеп жатыр.

«Әрине, мен бұрынғыша жылына 3-4 айқас өткізгім келеді. Қазіргі жағдай маған қиын соғып жатыр. Мен боксқа деген қызығушылықты жоғалта бастадым. Біз 5 мамырдағы жекпе-жекті жоғалтып алдық. Енді менімен бірге ешкім жұдырықтасқысы келмейді. Мен өзімді жақсы сезініп жүрмін және бұрынғыша белсендімін. Спорттың бұл түрін жақсы көремін. Келесі жекпе-жек дәл осылай маңызды бола қоймас, бірақ бұл - жекпе-жек. Мен айқасқанды ұнатамын», - деді Геннадий баспасөз мәлихатында. 

Соңғы жаңалықтар