Геннадий Головкин: Біз «Канеломен» бұрыннан доспыз, айқастан кейін де дос болып қаламыз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альвареспен тек рингте ғана қарсылас екенін, ал өмірде дос екенін атап өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Boxingnews24 сайтына сұхбат берген отандасымыз алдағы кездесуге сақадай-сай екенін жеткізген.

«Біз бұрыннан доспыз, айқастан кейін де дос болып қаламыз. Алдағы кездесуде драма ерекше болады. Мексикалық стиль бұл айқасты тек қыздыра түседі. Мен өзімді Супермэн секілді сезінемін», - дейді Геннадий Головкин.

Еске сала кетсек, қос чемпионның текетіресі 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena-да» өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар