Геннадий Головкин алдағы жекпе-жегінен кейінгі жоспарын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) TMZ Sport-қа берген сұхбатында мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) қолғап түйістіргеннен кейінгі ықтимал екі сценариді атады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Ары қарай не болады? Өте жақсы сұрақ. Меніңше, екі жол бар. Бірінші - реванш, екінші - орта салмақтағы барлық белбеулерді біріктіру, яғни менің жұмысым», -  деп атап өтті Г. Головкин.

Айта кетейік, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтеді.

Соңғы жаңалықтар