Генерал Сабыр Рақымов туралы көркем фильм түсіру қажет - Әли Бектаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында сенатор Әли Бектаев Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовтың ерлігіне арнап көркем фильм түсіру керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеңес Одағының Батыры, Орталық Азиядан шыққан алғашқы генералдардың бірі Сабыр Рақымовтың ерлігін елдің есінде қалдыру мақсатында, жастардың бойында патриоттық қасиеттерді дамыту бағытында осы батыр аға туралы арнайы көркем фильм түсіруге қаражат бөлдіруді сұраймын», - деді депутат ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған сауалында.

Осыған дейін Мәжіліс депутаттары генерал С.Рақымовтың жәдігерлерін елге қайтарып, Астанада ескерткішін орнату мәселесін көтерген болатын.

Сталиннің өзі «темір генерал» деп мойындаған Сабыр Рақымов  1902 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келген.  Ол 1945 жылдың наурыз айының 26 күні майдан даласында  қаза тапқан еді. 

Соңғы жаңалықтар