Генерал-майор Еркін Ботақанов «Алтын Адам» сыйлығының лауреаты атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Орталық» аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов «Алтын Адам» сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға қарағанда, Алматы қаласында, Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық Опера және балет театрында «Алтын Адам» ұлттық сыйлығының лауреаттарына Алтын сарбаздың мүсіншесі табыс етілді. Еліміздің құрметті және танымал азаматтарынан құрылған қазылар алқасы 2017-ші жылғы мәдениет, бизнес, медицина, өнер, масс-медиа және спорт саласындағы үздіктерді атады.

«Орталық» аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов «Отан алдындағы қызмет» номинациясында «Жыл тұлғасы» атанды.

Еркін Ботақанов - Қазақстан Республикасының ІІМ еңбек сіңірген қызметкері. Осыған дейін ҚР ІІМ ішкі әскер Қолбасшысының орынбасары, Бас штабтың басшысы болған. 2014-ші жылдан бастап Қарағанды облысында орналасқан «Орталық» аймақтық қолбасшылығына Қолбасшы лауазымына тағайындалған болатын.

«Жыл тұлғасы - Жыл таңдауы» фестивалі халықаралық дәрежеге ие және Қазақстан Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Беларусь сияқты ТМД-ның бес елінде өтеді. Жыл сайын жобаның қорытындысы ресми аудиттен өтеді.
«Жыл тұлғасы» - «Жыл таңдауы» ұлттық жобасы саясаттан алшақ және коммерциялық шар болып табылады.

Соңғы жаңалықтар