Газ жарылысынан зардап шеккен петропавлдық бойжеткен қайтыс болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең ауруханада бірнеше күн бұрын газдың жарылуы салдарынан зардап шеккен бойжеткен қайтыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қайғылы оқиға 27 қазанда болды. СҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, пәтерде газ жарылған. Куәгерлердің айтуынша, пәтердің кіреберіс есігі соққы толқынынан жұлынып кеткен.

Бойжеткен ол кезде пәтерде болған. Кристина Гертнердің денесі мен тыныс алу жолдарының 80%-ын күйік шалған. Ол осы уақыт аралығында ауруханада болған. Осы оқиға бойынша барлық материалдар Петропавл қалалық ІІБ-ге берілді.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кристинаның артында бүлдіршін қызы қалды. 

Соңғы жаңалықтар