Гавай тұрғындарына зымыран соққысы туралы жалған хабар берілген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гавай аралдарының тұрғындарына жергілікті уақытпен таңғы сегізде зымыран соққысы туралы жалған хабар берілген. Аралдықтардың ұялы телефондарына таралған SMS-хабарламаларда осындай мәтін болған, деп хабарлайды БЕЛТА.

Мұнымен қоймай, ескерту хабары телевидение арқылы да берілген. Тұрғындардан бомбапаналарға тығылуды сұрады. Алайда көп кешікпей төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік қате ақпарат берілгені туралы мәлімдеме жасады. Билік өкілдері гавайлықтарға төніп тұрған зымыран қауіпі жоқ екеніне сендірумен әлек. Тұрғындарға енді күнделікті шаруасымен айналыса беруге болатыны айтылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар