Ғасырлар жасаған әлемдегі 3 ағаштың бірі Жетісуда орналасқан

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат -  Алматы облысында БАҚ өкілдері мен блогерлерге өңірдің киелі жерлері бойынша пресс-тур ұйымдастырылды. Астана мен Алматы және Жетісу өңірінен жиналған қонақтар сапарын Панфилов ауданындағы Киелі ағаштан бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келушілерге киелі ағаштың аңызын шырақшы Рая Нұржапарқызы айтып берді. Осы ағаштың басында 20 жылға жуық уақыт тұрып жатқан шырақшының сөзінше, Киелі ағаштың 7 ғасырлық тарихы бар. 

«Мұндай ағаш әлем бойынша тек үш елде ғана бар. Бірі Түркияда, екіншісі Қытайда және үшіншісі осы, біздің Алматы облысының Панфилов ауданына қарасты Үлкен ағаш ауылдық округінің Әулиеағаш ауылында. Киелі ағаш қасиеттілігімен де құдіреттілігімен де келушілерді таңғалдыруда.  Бұл жерге туристер әлемнің түкпір-түкпірінен келеді. Келушілердің басым бөлігі мұнда перзент сұрап, бақ сұрап келеді. Басында түнейді. Тілектері қабыл болып жатады», - дейді Рая Нұржапарқызы.
null  

Сондай-ақ, шырақшы бұл ағаштың аңызына да тоқталды. Айтуынша, Қытай елінен  қажылыққа жаяу жол тартқан жеті әулие осы жерде аялдап, түнеген. 

«Жеті әулиенің ішіндегі Шамашұрып баба аса таяғын  шаншып қойып демалған, ал таң сәріде ағаштың көктегенін көрген. 

Аса таяқтан көктеп шыққан ағашқа жеті адамның құлашы әрең жетеді. Алып ағаштың жеті бұтағы болған. Қазір ол бұтағының үшеуі бар. Төртеуі сынып қалды. 1962 жылдары алып ағаштың тамырынан өскіндер көктеп шыққан.  Бұл жерде ағаштың тамырынан су шығады. Ол судың емдік қасиеті бар. Бұл жерде біз бір ағашты  перзент ағашы деп атап кеттік. Себебі, бала сүйе алмай жүрген жандар сол ағаш ортасынан өтсе, балалы болып жатады», - дейді шырақшы.

Айта кету керек, пресс-тур екі күнге жалғасады. Осы уақыт аралығында БАҚ өкілдері мен блогерлер Жетісу жерінің өзге де көрікті  жерлерімен танысады.

null null null  

Соңғы жаңалықтар