«Гастролер» Астанадағы шетелдіктерді тонады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада БАӘ және Бразилия азаматтарын тонаған -«гастролер» ұрылар тұтқындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 26 наурыз күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған 28 жастағы Шығыс Қазақстан облысының азаматы ұсталды. Ол елордадағы сауда-ойын сауық орталықтарының біріндегі кофеханада БАӘ және Бразилия азаматтарының ұялы телефондарын ұрлаған», - деді полицияда.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындаған. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірегей реестрінде ҚР ҚК 188-бабы («ұрлық жасау») бойынша тіркелді. Заттай деректер алынды. Телефондар иелеріне қайтарылды.

Күдікті Астана қалалық ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оның қала аумағында бұрын болған басқа да осы секілді қылмыстарға қатысының бар-жоғын анықтауда. 

Соңғы жаңалықтар