Гассиевтің Влодарчикті нокаутқа жіберген видеосы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Поляк боксшысы Кшиштоф Влодарчик Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) ширек финалында ресейлік Мурат Гассиевке қарсы шаршы алаңға шығып, үшінші раундта нокаутқа түсті.

 Оның видеосы FightOfWeek-тің YouTube-тағы арнасында жарияланды.

Гассиев поляк боксшысының бүйрек тұсына сол қолмен ауыр соққы бағыттайды, оған төзе алмаған 36 жастағы спортшы еденге құлап, орнынан тұра алмай қалды. Бұл Влодарчиктің нокаутпен жеңілген алғашқы айқасы.

Гассиев WBSS жартылай финалында Куба боксшысы Юниер Дортикоспен айқасады. Бұдан басқа, 24 жастағы ресейлік Халықаралық бокс федерациясының (IBF) нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулын қорғап қалды.

Соңғы жаңалықтар