Ғарыштан түсірілген ЭКСПО-2017 көрмесінің құрылысы туралы ролик шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жерді қашықтықтан зондтайтын қазақстандық ғарыш аппараты KazEOSat-1 және француздың Airbus Defense and Space компаниясының «Плеяды» ғарыш аппараты 2015 және 2017 жылдар аралығында Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің құрылысын ғарыштан түсірген. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі осы туралы видео-ролик таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.    

Жалпы «ЭКСПО-2017» құрылыс алаңынан 21 ғарыш фототүсірілімі жүргізілген, оның 14-ін «Плеяды», 7-уін «KazEOSat-1» түсірді.

Осыған орай, қазақстандық және француз мамандары бірлесе отырып ғарыш аппараттары арқылы алынған фототүсірілім мәліметтерінен  видеоролик жасап шықты. Онда Астанадағы «ЭКСПО-2017» құрылысы қалай жүзеге асқаны көрсетіледі.

Айта кетейік, KazEOSat-1 (Kazakhstan Earth Observation Satellite) -  жерді қашықтықтан зондтайтын алғашқы қазақстандық спутник. Ол 1 метрге дейінгі (панхроматикалық режимде) және 4 метрге дейінгі (мультиспектральдық режимде) фототүсірілімдер жасай алады.

Соңғы жаңалықтар