Ғарышкерлер отырған капсула Жезқазған маңына қонды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік ғарышкер Олег Новицкий мен еуропалық астрононавт  Тома Песке отырған аппарат қазақстандық  далаға қонды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ғарышкерлер бүгін астана уақытымен  20  сағат 10 минутта Жезқазғанның оңтүстік-шығыс жағына қарай  147 шақырым жерде қонды.

Жерге оралған экипаж мүшелерінің жағдайы жақсы, деп хабарлады Ұшу басқармасы орталығының баспасөз қызметі.
 Олег Новиций мен Тома Пескенің ұшу мерзімі 197 тәулікке  созылды.

Халықаралық ғарыш экипаж стансасында (ХҒС)  болған кездерінде  экипаж ХҒС-50 және ХҒС-51 -де ұзаққа созылған  экспедиция жағдайындағы   ғылыми-қолданбалы зерттеу  және сараптамалық  бағдарламасын орындады.

Новицкий мен Песке  Байқоңыр ғарыш айлағынан 2016 жылы 17 қарашада Пегги Уитсонмен бірге ұшып шыққан еді.  

Соңғы жаңалықтар