Ғарышкер Айдын Айымбетов «Алматы облысының құрметті азаматы» атанды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Халық қаһарманы, Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры, Талдықорғанның тумасы Айдын Айымбетовке «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Ғарышкерге арнайы кәулікті Наурыз мерекесін тойлауға жиналған көпшілік алдында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда игі дәстүр бойынша Наурыз мейрамы қала сыртындағы бұлақтың көзін ашудан басталды. Облыс басшысы ақсақалдармен, «Жасыл ел» жасағының мүшелерімен бірге саябақ ішіне ағаш екті. Жетісу төрінде бүгінгі мерекеге орай 1 мың литр наурыз көже мен 10 мың адамға палау әзірленіп, халыққа тегін таратылды. Соған сәйкес, Наурыз ауылында «Наурыз көже ішіңіз!», «Бауырсақтан дәм татыңыз!» атты арнайы шаралар ұйымдастырылды. Мерекені тамашалауға шыққан қала тұрғындары арқан тартысып, асық атып, гір тасын көтеріп, тоғызқұмалақ ойнады, түрлі көрмелерді тамашалады. Ал Талдықорған ипподромында дала қызықтары өтті. Аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу ұйымдастырылып, көкпаршылар сайысына қаржылай сыйлықтар тігілді.

null Мереке концерттік бағдарламаға ұласып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда. Ауа-райы да тамаша болып тұр. Термометр бағаны + 22 градусқа дейін көтерілді.  Ал кешке «Жастар» саябағында би кеші ұйымдастырылады.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар