Ғалымдар Шығыс Қазақстан тарихын зерттеу бойынша жоба әзірледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Әртүрлі салалардағы ғалымдар, сарапшылардан құралған жұмыс тобы өңірдегі «Рухани жаңғыру» Президент бағдарламасын жүзеге асырудың негізі болатын ондаған жобаны іріктеп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шығыс Қазақстанның өркениеттік феномені» жобасы облыстың ежелгі тарихын зерттеу үшін ғылыми платформа құруға, тарихи-мәдени және этногенетикалық үдерістердің көпқырлылығын көрсетуге, мемориалдық мәдениеттің бірыңғай кешенін таныстыруға мүмкіндік береді. Облыста осындай ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Былтырдан бері өңір басшысы Даниал Ахметовтың бастамасымен Шығыс Қазақстан аумағында қазақстандық археологтар Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Италия, Польша, Ресей, АҚШ пен Жапониядан келген жетекші ғалымдармен бірлесіп жұмыс істеуде. Бүгінде Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеуде көп маңызға ие бес археологиялық нысан зерттелді. Облыстық тарихи-өлкетану музейіне үш мың жаңа жәдігер берілді. 

Соңғы жаңалықтар