Ғалымдар Қазақстанның киелі жерлері туралы видеоларды Youtube желісіне жүктеуді ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Туристердің қызығушылығын тудыру үшін ғалымдар Қазақстанның киелі орындары туралы кең көлемді видеоларды Youtube желісіне жүктеуді ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпраат» ХАА тілшісі.

«Бұл киелі нысандар туралы көпшілік қалай хабардар болады? Youtube-ке кірген әрбір адам киелі нысандарды көреді және барып көруге ықыласы оянады. Яғни, әсерлі түрде қабылдау үшін, бұл нысанды карта, ғарыштан түсірілген сурет, 3D-үлгілер немесе кең көлемді түсірілімдер сияқты түрлі нұсқада көрсетуге болады. Сонда ғана адамдардың келуге, көзімен көруге деген қызығушылығы пайда болады», - деп атап өтті География институтының директоры Медеу Ахметқали «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші республикалық форумында.

Сонымен бірге, Медеу Ахметқали мұндай орындардағы инфрақұрылымды дамытуды естен шығармау қажеттігін баса айтты.

 «Мұндай орындарға келген әрбір туристке жақсы жағдай жасалуы тиіс. Инфрақұрылымды дамыту, барлық келушілер үшін ыңғайлы мүмкіндіктерді қарастырған абзал», - деді ол.

Бұған дейін хабарланғандай, ғалымдар мен өлкетанушылардан құралған «Қазақстанның киелі жерлері» жобасының ауқымды экспедициясы Қазақстанның түрлі аймағындағы тұрғындардан киелі жерлер туралы мәліметтер мен ой-пікірлер жинақтауды жоспарлауда.

 

Соңғы жаңалықтар