Ғалымдар: Ең еңбекқор адамдар АҚШ-та тұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ғалымдар тобы қай елдің тұрғындары ең еңбекқор екенін анықтады. Зерттеу барысында АҚШ пен Еуропа тұрғындары бағаланды.

Бастапқыда мамандар америкалықтар мен еуропалықтардың жұмыс орнында қанша уақытын өткізетінін есептеді. Нәтижесінде Еуропаның орта есеппен тұрғыны америкалықтарға қарағанда, 19 пайызға аз жұмыс істейтіні анықталды. Бұл көрсеткіш 260 сағатқа аз немесе күн сайын бір сағатқа кем.

Жұмыста өткізетін уақыт мөлшері бойынша америкалықтарға швейцариялықтар жақын. Ал Италия халқы, керісінше, АҚШ тұрғындарына қарағанда, 19 пайызға аз жұмыс істейді.

Салыстырмалы түрде: Ресей тұрғындары еуропалық елдерге қарағанда, жұмыс орнында көп уақыт өткізеді, алайда америкалықтардан сәл  (жылына 1761 сағатқа) кем.

Кей сарапшылардың айтуынша, америкалықтар көп еңбек етеді, олар қызметінде көтерілуді мақсат етеді әрі оларда салық Еуропаға қарағанда төмен, деп хабарлады Informing.

Соңғы жаңалықтар