Ғалымдар адамдардың неге өтірік айтатынын анықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ және Ұлыбритания ғалымдары адамдардың жалған сөйлеу себептерін анықтады. Олар зерттеу жүргізіп, оны Nature Neuroscience басылымында жариялады.

Ғалымдар зерттеуге 80 еріктіні іріктеп алды. Оларға арнайы ойынға қатысу ұсынылды. Қатысушылар жұптарға бөлінді. Еріктілердің бірі ғылымдардың «серіктесі» болды. Бұл адам ойында пайдалы болатын ақпаратты алып отырған. Зерттеу көрсеткендей, «серіктес» әр кезеңде ойын серігін алдауға тырысты.

Ойын кезінде тәжірибеге қатысушылардың ми жұмысын ғалымдар магнитті-резонансты терапия аппаратының көмегімен зерттеді. Адам өтірік сөйлегенде бадамшалар белсенді жұмыс істейтіні анықталды. Алайда адам неғұрлым көп жалған сөйлесе, мидың бұл бөлігінің белсенділігі төмендеген.

Осыған байланысты ғалымдар адамдар жүйелі түрде өтірік айтуға үйренеді деген тоқтамға келді. 

Соңғы жаңалықтар