Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Ғалым Жұмағали Ысмағұлов тұрған үйге ескерткіш тақта ашылды

Ғалым Жұмағали Ысмағұлов тұрған үйге ескерткіш тақта ашылды
2017 жылғы 14 қыркүйек 15:53 845

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, аудармашы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмағали Ысмағұловтың құрметіне ғалымның өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, «міржақыптанушы» Жұмағали Ысмағұлов 1928 жылы 17 сәуірде Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Соналы ауылында дүниеге келген.

Ғалым Жұмағали Ысмағұлов тұрған үйге ескерткіш тақта ашылды
Сол кездегі С.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Жұмағли Ысмағұловтың шәкірті, филология ғылымдарының кандидаты Базарбек Атығай ғалымның 1986 жылғы ерлігі туралы айтып берді.
«Жұмағали Ысмағұлов қазіргі «ҚазАқпарат», бұрынғы «КазТАГ-тың» директоры болды ұзақ жылдар. Ол кісінің бір ерлігі бар: 1986 жылы алаңдағы суреттерді қорықпай жариялаған еді. Сол үшін қызметінен де қуылған. Аударма саласын жанр ретінде дамытты. Көркем аударма тарихындағы ең шебер аудармаларды жасады. Орыс, шетел классиктерін қазақша сөйлетті. Ол - «абайтану» саласында теңдессіз еңбек еткен адам. Сонымен қатар, Алаш ардагерлері ақталған 1988 жылдардан кейін А.Байтұрсынов пен М.Дулатұлының еңбектерін жинақтап, біздің тарихымыздан алатын орнын нақтылаған ғалымдардың бірі», - деді Базарбек Атығай.


Ғалым Жұмағали Ысмағұлов тұрған үйге ескерткіш тақта ашылды
Жұмағали Ысмағұлова 2005 жылы «Құрмет», «Халық достығы» ордендерімен марапатталған.
«Адам мерейі», «20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті», «Маржан мен махаббат», «Адам мерейі» сынды әдеби туындылардың 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы.
Ескерткіш тақтаның ашылуына ғалымның ағайын-туыстары мен Алматы мен Астананың зиялы қауым өкілдері жиналды. Ескерткіш тақта Алматы қаласы әкімінің 19 шілдедегі қаулысы бойынша жүзеге асқан.


Ғалым Жұмағали Ысмағұлов тұрған үйге ескерткіш тақта ашылды 
Ғалым Жұмағали Ысмағұлов тұрған үйге ескерткіш тақта ашылды

Басты сөздер: Алматы, Алашорда, Ғылым,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер