«Гәккулеткен, аққу жеткен Көкшетау» 2-ші өңіраралық фестивалінде дəстүрлі əндер шырқалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Көкшетауда суырып салма ақын, әнші Үкілі Ыбырайдың шығармашылығына арналған «Гәккулеткен, аққу жеткен Көкшетау» 2-ші өңіраралық фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Туған жер - туған ел» базалық бағдарламасын жүзеге асыру және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында ұйымдастырылған музыкалық форумға өңірдегі ең мықты деген дәстүрлі әншілері қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Еске сала кетейік, 2 күн бойы өткен фестивальдің алғашқы күні дәстүрлі әншілер Үкілі Ыбырайдың елі Айыртау ауданының мәдениет үйінде орындау шеберліктерін көрсетсе, бүгін ақынның шығармашылығына арналған 2-ші өңіраралық фестиваліне жалғасты.

Шараға Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының кандидаты, профессор Сәбит Жәмбек, тарихшы, публицист, педагог Алия Ахетова, Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Сәрсенбай Хасенов және Үкілі Ыбырайдың тікелей үшінші ұрпағы Беркімбек Зарапұлы қатысып, тұшымды ойларымен бөлісті.

Шара жергілікті дәстүрлі әншілердің қатысуымен гала-концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар