Ғабдуллин атындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Мәлік Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зеренді селосындағы орналасқан бұл білім ордасының іргесі  1973 жылы қаланған. Сол себепті, жарты ғасырға жуық тарихы бар екі қабатты ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары қажет болатын. Тіпті, соңғы жылдары мектептің төбесінен су сорғалап ағып, оқушылардың білім алуына біраз қиыншылықтар туғызды. Осыған орай облыс басшылығы мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлуді шешеді. Оның 150 миллион теңгесі биылғы жылға қарастырылған. Бұл қаржыға бүгінгі таңда мектептің шатыры, есік, терезелері және едені ауыстырылуда.  Қалған қаржыға келер жылы жаңа спортзалының құрылысы мен білім ордасының маңын абаттандыру шаралары қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Еңбек-Көкшетау» серіктестігі қолға алған.

null

«Тапсырыс беруші ретінде құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін бақылап отырмыз. Бірінші тоқсанның соңына дейін негізгі жұмыстарды аяқтап, ғимаратты тапсырамыз.  Келер жылы спортзалдың құрылысы мен абаттандыру жұмыстарына кірісетін боламыз», - деп атап өтті аудандық сәулет, құрылыс және құрылыс бөлімінің басшысы Ержан Шәкіржанов.   

null

Еске сала кетейік, аталмыш мектепте 300-ден астам бала білім алуда. Оның 66-ы Қарсақ, Қызыл Кардон, Бәйтерек, Үлгілі және Тройцк сияқты жақын маңдағы ауылдардан қатынап оқиды.  

Соңғы жаңалықтар