Футзалдан Қазақстан құрамасы Еурочемпионаттардың рекордын орнатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның футзалдан 2018 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шығуы тарихи жетістік болды, деп жазады Sports.kz.

Бұған дейін Еуропа чемпионаттарының бірде-бір дебютантына екі жыл қатарынан екі рет жартылай финалға шығу бақыты бұйырмаған.

Осыған ұқсас нәтижелерімен 1996 және 1999 жылдары өткен алғашқы Еуропа чемпионаттарының жартылай финалдарында өнер көрсеткен Испания, Ресей және Италия құрамалары ғана мақтана алады. Бірақ ол чемпионаттардың арасында үш жылдық үзіліс болған еді.

Еске сала кетейік, Словенияда өтіп жатқан құрлық чемпионатының ширек финалында біздің жігіттер Сербияны 3:1 есебімен ұтты.

Қазақстан құрамасы жартылай финалда бүгін түнде, Астана уақытымен 02:00-де өтетін Украина-Испания кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

 

Соңғы жаңалықтар