Футзал: Студенттер лигасының жеңімпазы 3 млн теңге ұтып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Almaty Arena мұз сарайында футзалдан студенттер лигасының финалдық кезенінің ойындары аяқталды, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Қарашаның 11-і мен 19-ы аралығында өткен теңбіл доп додасының жеңімпазы болып Каспий университетінің студенттері атанды. Олар финалдық ойында Қарағандылық экономика универсиетінің ойыншыларын 6:4 есебімен ұтып, 3 млн теңге сыйақыға қол жеткізді, ал солтүстіктен келген қонақтар 500 мың теңгеге ие болса, үшінші орын алған IT халықаралық университеті 300 мың. теңгемен марапатталды. Олар ЕТУ студенттерімен негізгі уақытта 1:1 ойнап, матчдан кейінгі пенальтиде 3:1 есебімен жеңді. 

«Біз осы жеңісті ұзақ күттік, - дейді Каспий университетінің ойыншысы Алмаз Ділдәбеков. Барлық  қарсыластарымыз қиын болды, бірақ бағымызға орай жеңіс бізге бұйырды. Өте қуаныштымыз. Дәл осындай деңгейдегі жарыс бізге жетіспеген еді. Ұйымдастырушыларға көп рахмет. Осындай үлкен аренада өнер көрсету біз үшін мақтаныш. Алдағы уақытта әлем чемпионатының финалында шығамыз деп үміттенемін», - деп қорытындылады ол.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  ақшалай сыйлықтан басқа диплом, медаль және кубоктармен марапатталды. Оларды құттықтауға Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев, ҚР студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Закирьянов, футзалдан ҰСЛ президенті Дамир Шыныбековта келді. 

 

Соңғы жаңалықтар