Футзал: Қазақстан Ресеймен тең ойнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда өтіп жатқан халықаралық футзал турнирінде ел құрамасы алғашқы ұпайына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан, Ресей, Иран және Әзербайжан құрамалары қатысып жатқан «Төрт ұлт» турнирі бүгін басталды. Какау шәкірттері бірінші ойында Ресей құрамасын қабылдап, 3:3 есебімен тең ойнады.

Бірінші голды команда капитаны Шыңғыс Есенаманов соқты. Артынша ресейліктер Дмитрий Лысков пен Артем Ниязовтың көмегімен алға шықты. Мұнан соң Есенаманов таразы басын теңестірді. Кездесу аяқталар тұста қос команда тағы бір-бір голдан енгізіп, тең тарқасты.

Енді ұлттық құрама ертең алаң иелерімен кездеседі. Ойын Астана уақытымен 20:30-да басталады.

Еске салайық, «Төрт ұлт» турнирінде командалар бір айналым өткізеді. Ең көп ұпай жинаған құрама жеңімпаз атанады. Турнир 6 желтоқсанда аяқталады.

Соңғы жаңалықтар