Футболдан балалар біріншілігі: ФФА командасы үздік үштікте

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада балалар футбол мектептері арасындағы біріншіліктің кезекті туры өтті. Балалар үш жас ерекшелігі бойынша сынға түсті - 2008, 2007 және 2006 жылдар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана футбол федерациясына сілтеме жасап.

2008 жыл.

«Астана-2» командасы басты бәсекелестерінің бірі №8 спорт мектебінің екінші командасын 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, турнир кестесінде өзгелерден біршама ұзап кетті. Екінші орынды «Астана-1» командасы ұстап тұр. Ал үздік үштікке Астана футбол федерациясының Александр Черников жаттықтыратын «ФФА» командасы көтерілді. Олар бұл турда «Қуат» футболшыларын 5:2 есебімен жеңді.

№8 БЖСМОР-2 - Астана-2 0:5
Қуат - ФФА 2:5
№8 БЖСМОР-1 - Eagles Astana 3:2

2008 жылғы балдырғандар біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

 

2007 жыл.

2007 жылғы балалар арасындағы біріншіліктің 5-ші турында «Pro футбол» шәкірттерін 7:2 есебімен тізерлеткен «Астана-1» командасы турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Дегенмен, оларды да өкшелеп келе жатқан командалар бар. «Астана» футбол орталығының екінші командасы осы турда Астана футбол федерациясының «БФО» командасымен кездесулері керек еді, алайда бұл ойын кейінге шегерілді. Есесіне «Эверестті» 6:1 есебімен ойсырата жеңген №8 БЖСМОР-1 командасы көшбасшыға жақындай түсті. Ал «Арландар» мен «№8 БЖСМОР-2» командалары арасындағы ойын 5:5 есебімен тең аяқталды.

PRO футбол - Астана-1 2:7
№8 БЖСМОР-1 - Эверест 6:1
Арландар - №8 БЖСМОР-2 5:5

2007 жылғы балалар біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

 

2006 жыл.

2006 жылғы жеткіншектер арасындағы біріншілікте барлығы 10 команда. Орталық кездесу «Астана-1» мен «Динамо» арасында өтті. Бұған дейін «динамолықтар» турнир кестесінде көш бастап келе жатқан болатын. Алайда, өзара ойында «Астана» футбол орталығының бірінші командасы қарсыласына еш айла қалдырмастан 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Осылайша «Динамо» осы маусымдағы бірінші жеңілісіне ұшырап, турнир кестесінде бірден үшінші орынға түсіп қалды. Ал көш басына «Астана» футбол орталығының екінші командасы шықты. Олар бұл жолы Александр Черниковтің «ФФА» командасын ойсырата ұтып, ФФА қақпасына жауапсыз сегіз гол соқты. Сондай-ақ, «Эверест» те турнир кестесінде жоғары өрлеп келеді. Осы маусымның басты аутсайдерлерінің бірі «Фаворитті» бір гол айырмашылығымен 3:2 етіп ұтты. Ал «Лидер» осы маусымдағы үшінші жеңісіне қол жеткізіп, «Қуаттың» қуатсыздығын пайдалану арқылы турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Динамо - Астана-1 1:5
Астана-2 - ФФА 8:0
Эверест - Фаворит 3:2
Лидер - Қуат 2:0

2006 жылғы жеткіншектер біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

 

Соңғы жаңалықтар