Футболдан 2018 жылғы ӘЧ: барлық құрамалар белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы 15 маусымы мен 15 шілде аралығында футболдан Ресейде өтетін әлем біріншілігіне қатысатын барлық құрама белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлем чемпионатында 32 команда өнер көрсетеді. Олар:

Еуропадан - Германия, Дания, Англия, Польша, Бельгия, Испания, Исландия, Португалия, Швеция, Сербия, Швейцария, Франция және Хорватия құрамалары.

Оңтүстік Америкадан - Бразилия, Перу, Колумбия, Аргентина және Уругвай құрамалары.

Азия елдерінен -  Иран, Сауд Арабиясы, Жапония, Австралия және Оңтүстік Корея құрамалары.

Африка құрлығынан - Тунис,  Марокко, Мысыр,  Нигерия және Сенегал құрамалары.

Солтүстік Америкадан - Коста-Рика, Панама және Мексика құрамалары

Әлем чемпионатына жеребе тарту 1 желтоқсан күні Мәскеуде өтеді.

Соңғы жаңалықтар