Футбол: Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ақжайық» албаниялық «Тирананы» ұтты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жаңа маусымға дайындық барысында Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан, футболдан ҚР чемпионаты премьер-лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» спарринг-кездесуде албаниялық «Тирана» клубын ұтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Sports.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, батысқазақстандықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. «Ақжайық» сапында Иван Антипов пен Абылайхан Тотай гол соғып, көзге түсті.

Айта кетейік, оқу-жаттығу жиынына бас бапкер Вахид Масудов басшылық жасауда. Қазір командада нигериялық Изу Азука да сынақтан өтуде. 27 жасар Азукаға Қазақстан футболы таныс, ол бұдан бұрын «Ертіс» (Павлодар), «Тараз» командаларында доп тепкен болатын.

«Оқу-жаттығу жиыны 28 қаңтарға дейін болады. Сол кезде бәрін қарап, бөлінген қаржыға қарай командаға ойыншылар алынатын болады», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне «Ақжайық» футбол клубының директоры Азат Қазиханов.

Соңғы жаңалықтар