Футбол: «Тобыл» болгариялық клубты ұтты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдың «Тобылы» оқу-жаттығу жиындарындағы үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркия жерінде жаттығып жүрген «Тобыл» Болгарияның «Арда» командасымен кездесті. Матчтағы жалғыз гол бірінші таймда соғылды. Азат Нұрғалиевтің бұрыштамадан асырған добы қақпашының қолынан серпіліп кірді. Айта кетейік, бұл - Нұрғалиевтің «Тобыл» сапындағы бірінші ойыны.

Мұнан соң болгариялық футболшымен төбелесіп қалған Дмитрий Мирошниченко алаңнан қуылды. 10 ойыншымен қалған «Тобыл» матч соңына дейін осы есепті сақтап қалды.

Осылайша,  қостанайлық клуб Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Команда 28 қаңтарда екінші жаттығу жиындарына аттанбақ.

Соңғы жаңалықтар