Футбол ойнаудың қазақстандық стилін қалыптастырамыз - ҚФФ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан футбол федерациясы аяқдоп өнерінің қазақстандық стилін қалыптастыруды көздейді. Аталған міндет ұйымның "Алға, футбол! Алға, Qazaqstan!" атты жаңа стратегиясында белгіленген, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚФФ Бас xатшысы Азамат Айтxожиннің айтуынша, биылғы стратегияда әйелдер футболын дамыту, ойыншыларды озық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, легионерлерді іріктеуді күшейту және тағы басқа маңызды мәселелер көрсетілген.

"Әлем бойынша футболдың сан алуын стильдері бар. Латынамерикалық стиль, британдық стиль, итальяндық стиль және тағысын тағы. Қазіргі кезде біз арнайы жол картасын әзірлеп жатырмыз. Ол құжатта батыл бір мақсат - футболдың қазақстандық стилін қалыптастыру міндеті көрсетілген. Соның арқасында Қазақстанның футболы барша әлемге танылады деген жоспар бар. Әрине, оған барлығымыз күш салуымыз қажет", - деді А.Айтxожин Қазақстан футбол федерациясының XVII конференциясында.
null

Айта кеткен жөн, конференцияда ұйымның бірқатар мәселелерін талқылау жоспарланған. Отырыста федерацияның атқарушы комитетіне жаңа мүшелер де сайланады.

null

Соңғы жаңалықтар