Футбол: ҚР Кубогы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада футболдан 2018 жылғы Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Кубоктың бұл кезеңіне Бірінші лига, Екінші лига және 2017 жылы Қазақстан футбол федерациясының әуесқой командалары арасында өткен матчтарда үздік нәтиже көрсеткен 2 клуб қатысады.

Жеребенің нәтижесі бойынша келесі топтар құрылды:

А тобы

"Оқжетпес" (Көкшетау қ.)

"ОСДЮСШОР - Жас Ұлан" (Шымкент қ.)

"Оңтүстік" академиясы" (Шымкент қ.)


В тобы

"Мақтаарал" (Атакент а., Мақтаарал ауданы, ОҚО)

"Рузаевка" (Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, СҚО)

"ЦСКА" (Алматы қ.)

 
С тобы

"Қыран" (Шымкент қ.)

"СДЮСШОР №8" (Астана қ.)

"Каспий" (Ақтау қ.)


D тобы

"Тараз" (Тараз қ.)

"Екібастұз" (Екібастұз қ.)

"Алтай" (ШҚО)

"Ақ-Бет" (Павлодар қ.)

Іріктеу кезеңінің ойындары 2018 жылғы 18-26 наурыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан ареналарда өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар