Футбол: Қазақстанмен кездесер алдында Англия жастар құрамасының бапкері ауысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англия жастар құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт уақытша ересектердің ұлттық командасын басқаратын болды, деп хабарлады Sports.kz Ағылшын футбол Қауымдастығының сайтына сілтеме жасап.

Бұл лауазымда Саутгейт жемқорлық әрекеттері үшін қызметтен босатылған Сэм Эллардайсты уақытша алмастырды. Өз кезегінде,  ағылшын «жастарын»  Аиди Бутройд бастады. Ол бұрын U20 құрамасында жұмыс істеген.

Бутройд команданы Еуро-2017 іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы шешуші ойындарға дайындайды.  

Қазақстан - Англия матчы 6 қазанда Ақтөбеде өтеді.

Соңғы жаңалықтар