Футбол: Қазақстан Венгрия қақпасына 10 минутта 2 гол соқты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасы Венгриямен жолдастық кездесу өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан матчтың алғашқы он минутында екі гол соғылды. Кездесудегі бірінші бұрыштама добын орындаған  қазақстандықтар есеп ашты. Бауыржан Исламхан ұсынған пасты Роман Мұртазаев голға айналдырды. Бұл - "Астана" шабуылшысының ел құрамасы сапындағы 10-ойынындағы бірінші нәтижелі соққысы. Мұнан соң Қазақстан құрамасы Бақтиер Зайнутдиновтің көмегімен екінші голын соқты. Оған ресейлік "Уфа" ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет мүмкіндік жасады.

Айта кетейік, жерлестеріміз мажарларға қарсы мына құраммен шықты:

 Ненад Эрич (Қ), Дмитрий Шомко, Сергей Малый, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат, Бақтиер Зайнутдинов, Бауыржан Исламxан, Роман Мұртазаев, Еркебұлан Сейдаxмет, Сергей Хижниченко.

Соңғы жаңалықтар